«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясындағы Қазақстан бойынша ағаш отырғызу күнінің шеңберінде ауқымды көгалдандыру акциясы өтті

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясындағы Қазақстан бойынша ағаш отырғызу күнінің шеңберінде ауқымды көгалдандыру акциясы өтті

Ағаш отырғызу жұмыстары бір мезетте қаланың бірнеше жерінде — Жастар бульвары маңындағы Салтанат сарайы аумағынан бастап, қаланың әртүрлі бөліктеріндегі аллеялар мен Триатлон паркіне дейін жүргізілді. Акцияға мемлекеттік қызметшілер, түрлі мемлекеттік органдардың қызметкерлері, коммуналдық кәсіпорындардың және мердігер ұйымдардың жұмысшылары барлығы мыңнан астам адам қатысты. Іс-шара барысында 300-ден астам ағаш отырғызылды.

Жалпы алғанда, биыл Қостанайда жаңа саябақтар мен жасыл аймақтардың құрылуын ескере отырып, 5000-нан астам ағаш отырғызу жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, Қостанайда 31 наурыз бен 1 мамыр аралығында санитарлық тазарту айлығы өткізілуде — бұл науқан аяқталуға жақын. Сонымен бірге, жыл бойы қаланың көріктендіру жұмыстары жалғасын табатын болады.

Барлық қостанайлықтарды — қала тұрғындарын, бизнес өкілдерін, ПКСК, ОСИ ұйымдарын және бейжай қарамайтын азаматтарды Қостанай қаласын таза, жасыл және жайлы ету үшін белсенді атсалысуға шақырамыз. Бірлескен күш-жігерімізбен біз қаламызды одан да жақсырақ ете аламыз