
Қостанай әуесқой хоккей лигасында КЛХЛ Кубогының Плей-офф кезеңі басталады
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Алдағы күндері Қостанай әуесқой хоккей лигасында жарыстың шешуші кезеңі — КЛХЛ Кубогының Плей-офф кезеңі басталады. Маусымның тұрақты бөлігінің қорытындысы бойынша үздік нәтижелер көрсеткен командалар басты жүлде үшін күреске түседі.
Плей-офф ойындары екі жеңіске дейін өтеді. Әрбір матч тартысты да шиеленісті өтетіні сөзсіз.
Барша хоккей жанкүйерлерін матчтарға келіп, турнирге қатысушы командаларға қолдау көрсетуге шақырамыз.
Өтетін орны:
Мұз аренасы, Қостанай қаласы, Юбилейный шағын ауданы, 66
Кіру тегін.