«Нашақорлыққа жол жоқ» ашық волейбол турнирі

«Нашақорлыққа жол жоқ» ашық волейбол турнирі

«Нашақорлыққа жол жоқ» — салауатты өмір салтын насихаттау және нашақорлыққа қарсы күрес мақсатында ұйымдастырылған спорттық шара. Турнирдің басты мақсаты – жастардың назарын нашақорлық мәселесіне аудару, физикалық белсенділік, командалық жұмыс және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау идеясын алға жылжыту.

Іс-шара Қостанай қаласының прокуратурасы, Қостанай қаласы әкімдігінің «Білім бөлімі» ММ, «IQostanay» балаларға арналған Smart-орталығы» КММ және Қостанай қаласы әкімдігінің «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бірлесіп ұйымдастырылып отыр.

Турнир аясында Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің спорт залдарында 24 команда бақ сынайды.

Жеңімпаздар кубоктармен, медальдармен және мақтау қағаздарымен марапатталады. Турнирдің үздік ойыншыларына бағалы сыйлықтар табысталады. Сонымен қатар жанкүйерлер арасында да үш номинация бойынша жеңімпаздар анықталады: ең үздік плакат, ұран және өз командасына жан-жақты қолдау көрсеткені үшін.

Баршаңызды турнирге келіп, қатысушыларға қолдау көрсетуге шақырамыз!