Қостанай облысындағы тұрғын үй сертификаттарының мөлшері бастапқы жарна сомасының 90% - құрайды, бірақ әлеуметтік көмек түрінде 1 500 000 теңгеден аспайды.
Тұрғын үй сертификатын алуға үміткер болуға құқылы:
- мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар;-
-«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар;
- толық емес отбасылар;
- Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт, тау-кен және ауыл шаруашылығы салаларында еңбек қызметін жүзеге асыратын сұранысқа ие мамандар.
Тұрғын үй сертификатын алу үшін келесі құжаттар қажет:
- Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің (жұбайының, кәмелетке толмаған балалардың) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
- Отбасының барлық мүшелеріне (жұбайына) , кәмелетке толмаған балаларға соңғы 6 айдағы кірістер туралы анықтама, бұл ретте отбасының әрбір мүшесінің табысы айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген көрсеткішінен аспауға тиіс;
-Жұмыс орнынан анықтама;
- «Отбасы банк» АҚ ҚҚ тұрғын үй құнынан бастапқы жарна сомасын және ай сайынғы төлем сомасын көрсете отырып, тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы хаты.