Қостанайдағы жағдай тұрақты болып қалып отыр, тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ. 14 наурыздан бастап 90 өтініш келіп түсті, оның 83-і шұғыл түрде қаралды, 7 өтініш расталмады. Өтініштер қаланың көшелерінде судың жиналуы мен аулаларға жақындауы мәселесімен байланысты.
Қала сыртындағы егіс алқаптарындағы қар қабаты 90% еріді, тек қана төмен жерлер мен орманды алаптарда қалды.
Қалада тәулік бойы гидропосттар жұмыс істейді: «Костанай-2», «Дружба» тұрғын алабы, СО «Дорожник», «Текстильщик» және «Садовод» аймақтарында. Қалалық қызметтер күшейтілген режимде кезекшілікте тұр. Негізгі күш-жігер су басу қауіптерін болдырмауға және паводокқа қауіпті аймақтарды тұрақты бақылауға бағытталған.
Қазіргі уақытта тұрғын үйлерді қорғау үшін 1700-ден астам құм салынған қапшықтар төселді. 216 арнайы техника бірлігі тартылды, аулалар мен көшелерден еріген суды сорып алу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 18 км болатын 3 су өткізгіш арналар мен 44 су өтетін құрылғы тазартылды — еріген су бөгетсіз, ешқандай тосқауылдарсыз өтуде. Су сондай-ақ 6 арық жүйесі бойымен қозғалып жатыр: «Костанай – Сай», «Абиль-Сай», «Таун-Сай», «Конай» тұрғын алабы, «Амангелды» және «Текстильщик» — ешқандай бөгеттер мен кедергілер жоқ. 100,6 км ливневтік жүйелер тазартылып, су еш кедергісіз өтуде.
Әлеуметтік жағынан әлсіз топтарға көмек көрсету жұмыстары жалғасуда — коммуналдық қызметкерлер, құтқарушылар, волонтерлер мен ІІМ Академиясының курсанттары аулалар мен үй маңындағы аумақтарды тазартуға көмектесуде. Барлығы 660 адам осы жұмыстарға тартылған.
Паводоктың салдарын жою үшін 400-ден астам адам мен 396 бірлік техникадан құралған күштер мен құралдар топтамасы құрылды, оның ішінде 22 мотопомпа, 7 су сорғыш насос, 21 «андиджанец», 138 самосвал, 38 ассенизатор, 71 трактор, 58 тиегіш, 25 экскаватор, 14 кран және 31 автогрейдер бар.
Қыс басталғалы бері 637,9 мың текше метр қар шығарылды (2024 жылы — 832,5 мың текше метр).