15-ші наурыз күні , Наурызнама мерекесін атап өту тұжырымдамасы аясында және «Жанашыр жүрек» акциясы шеңберінде волонтерлар Қостанай қаласында жалғыз тұратын қарт адамдарға азық-түлік жиынтығын жеткізу бойынша қайырымдылық акциясын ұйымдастырды .
Наурыз – бұл жылулық, қамқорлық және бірлік мерекесі! Дәстүрлерді сақтап қана қоймай, көмекке зәру жандарға қолдау көрсету де маңызды. Волонтерлар азық-түлікпен қатар, қарт адамдармен әңгімелесіп, оларға жүрек жылуын және көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Осы игі іске атсалысқан барлық жандарға алғысымыз шексіз! Әрбір қайырымды іс бұл әлемді жақсарта түссін!