Сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі қызметтерді есепке алу аспаптарына қойылатын талаптар

Сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі қызметтерді есепке алу аспаптарына қойылатын талаптар

1. Жобаланатын, салынып жатқан бір пәтерлі тұрғын үйлер (жеке сектор) үшін суды есепке алудың коммерциялық аспаптарына қойылатын талаптар техникалық шарттарда көрсетіледі.

2. Жобаланатын, салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйлердегі суды есепке алудың пәтерлі аспаптары үшін (құрылыс салушыға) қойылатын талаптар техникалық шарттарда көрсетіледі. 

3. Бұрын қосылған бір пәтерлі және көп пәтерлі тұрғын үйлердегі су есептегіштерін ауыстыру кезінде жаңа су есептегіші екі негізгі талапқа сай болуы тиіс:

1) көрсеткіштерді қашықтықтан алу бойынша

кейін көрсеткіштерді қашықтықтан алу мүмкіндігімен, яғни радио модулсіз суды есепке алу аспабын (импульстік шығумен) орнату қажет. 

метрологиялық класс бойынша

- суық су құбырына - тік орнату кезінде С метрологиялық класты суды есепке алу аспабын орнату қажет. В класты есептеу аспабын орнатуға рұқсат етіледі, бірақ тек көлденең орнату кезінде. 

- ыстық су құбырына – В метрологиялық класты суды есептеу аспабын көлденең де, тік күйде де орнатуға рұқсат етіледі.

Бұрын коммерциялық пайдалануға жіберілген суды есепке алу аспаптарына (көрсеткіштерді қашықтықтан алу мүмкіндігінсіз, яғни импульстік шығусыз, В класы) мұндай суды есепке алу аспаптары толық физикалық тозғанға дейін қашықтықтан алуға және метрологиялық класқа талаптар қойылмайды.

Егер істен шыққан, бұрын коммерциялық пайдалануға жіберілген суды есепке алу аспабы (көрсеткіштерді қашықтықтан алу мүмкіндігінсіз, яғни импульстік шығусыз, В класты) жөндеуден өткеннен кейін тексеруден өткен жағдайда, онда кәсіпорын оны қайта коммерциялық пайдалануға қабылдайды, яғни қашықтықтан алуға және метрологиялық класқа талаптар қойылмайды. («Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңының 17-бабының 6-тармағы: «Пайдаланудағы өлшем құралдары ... толық физикалық тозуға дейін қолданылады»).