Kia жаңа зауытының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу мәселелері туралы

Kia жаңа зауытының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу мәселелері туралы

Бүгін «Kia Qazaqstan» ЖШС-нің бас директоры Ким Де Ки мырзамен кездесу өткізіп, құрылысы 2023 жылдың қараша айында басталған жаңа Kia зауытының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу мәселелерін қарастырдық. 

Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары белсенді қарқынмен жүргізілуде, қадалардың негізгі көлемін бітеу жұмыстары аяқталып, іргетасты құю басталды. Сонымен қатар, кәсіпорынға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізуге арналған 3 жұмыс жобасын әзірлеу жүргізілуде.

1500 тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланып отырған жаңа зауыттың өндірістік қуаты жылына 70 мың автокөлікті құрайды.