Қостанайда 9 мамыр мерекесіне белсенді дайындық басталды

Қостанайда 9 мамыр мерекесіне белсенді дайындық басталды

Бүгін қала әкімі М. Жүндібаев Жеңіс саябағында абаттандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты.

Қазіргі уақытта кіреберіс арка алдындағы қондырғы жаңартылды, барлық ескерткіштерге косметикалық жөндеу жүргізілді, орындықтар мен қоқыс жәшіктері өзгеруде. Мамыр айының басында, қолайлы кезеңнің басталуымен гүл отырғызу басталады. 

Өткен жылы Жеңіс саябағының жарықтандыру жүйесі толығымен жаңартылды. Бүгінгі таңда саябақ аумағын 330 жаңа заманауи жарықдиодты шамдар жарықтандыруда.

Жеңіс күнін мерекелеудің дәстүрлі іс-шараларының ішінде 9 мамыр күні арнайы шатырда Екінші дүниежүзілік соғыстағы қазақстандықтардың жауынгерлік ерліктеріне арналған облыстық тарихи-өлкетану мұражайының арнайы экспозициясы жұмыс істейтінін атап өткен жөн.