Қостанай ветеринариялық станциясы халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын адамдардын үй жануарларына (иттер, мысықтар) сәйкестендіру бойынша қызметтерді көрсету туралы хабарлайды

Қостанай ветеринариялық станциясы халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын адамдардын  үй жануарларына  (иттер, мысықтар) сәйкестендіру бойынша қызметтерді көрсету туралы хабарлайды

Халықтың осал топтарына жатады:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
1-1) Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
1-2) Басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
2) 1 және 2 топтағы мүгедектер;
3) Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар жатады;
5) Жасына байланысты зейнеткерлер;
6) Кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдар әскери қызметке шақырылған кезде жасы мерзімді әскери қызметті өткеру мерзіміне ұзартылады;
7) Қандастар;
8) Экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;
9) “Алтын алқа”, “Күміс алқа” алқаларымен наградталған немесе бұрын “Батыр Ана” атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі “Ана даңқы” ордендерімен наградталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар;
10) Мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
11) Толық емес отбасылар.
Сәйкестендіру микрочиптерді тері астына енгізу және иттер мен мысықтарды тіркеу деректер базасына жануар туралы мәліметтерді енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Сәйкестендіру ТЕГІН жүргізіледі. Мекен жайымыз: Қостанай қ., Автомобильная к-сі, 20
Жұмыс уақыты: 9-дан 18:30-ге дейін, түскі ас 13:00-ден 14:30-ға дейін. Байланыс телефоны 8-(7142)-39-11-83 Өзіңізбен бірге жеке куәлікті, әлеуметтік осал топтармен, зейнеткерлермен, ардагерлермен және мүгедектермен қарым-қатынасыңызды растайтын құжатты алып келіңіз.