Комиссия үміткерлер арасынан бүкіл республика бойынша 64 жеңімпазды анықтады.
«Үздік педагог – 2023» атағын № 23 мектептің математика пәнінің мұғалімі - Есенғұлов Қанат Маратұлы және №1 мектеп-лицейінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі - Рахимова Эльмира Ерсалимқызы иеленді.
Ұстаздарымызды осы байқауда жеңімпаз атанып, құрметті атаққа ие болуларымен шын жүректен құттықтаймыз.
Бұл жетістік - сіздердің жоғары кәсіби біліктіліктеріңіз бен кемелдікке деген ұмтылыстарыңыздың лайықты бағалануы.
Сіздер еңбекқор, талантты және істеріңізге адалдықтарыңыздың арқасында осындай жоғары нәтижелерге қол жеткізіп отырсыздар.
Қостанай қаласының барлық ұстаздарына зор денсаулық, жұмыстарына табыс тілейміз.