Қостанай қаласында қар тазалау жұмыстары басталды 

Қостанай қаласында қар тазалау жұмыстары басталды 

Қардың қалың түсуіне байланысты қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды. Қалың қар түскеннен бері қала көшелерін тазартуға 400-ден астам жол қызметкері мен 200-ден астам арнайы техника жұмылдырылды. Жол қызметтері белгілі алгоритм бойынша жұмыс істеуде: алдымен орталық көшелер мен әлеуметтік нысандардың кіреберістері тазартылуда. Екінші кезекте қосалқы көшелер мен кварталішілік өткелдер тазартылады. Жол қызметтерінің жұмысы ауа райына қарай ескеріліп, реттелетін болады. Осы ретте, қала тұрғындары мен қонақтарын қала көшелерінде қауіпсіздік ережелерін сақтап, абай болуға шақырамыз.