«Жасөспірім» ЖПІ

«Жасөспірім» ЖПІ

Қостанай қаласының аумағында 22-24 қыркүйек аралығында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізілді. Полиция қызметкерлері Қостанай қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиямен, қорғаншылық және қамқоршылық органдарымен, қала еріктілерімен бірлесіп балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, кәмелетке толмағандардың тәуліктің кешкі және түнгі уақытында ойын-сауық орындарында және тұрғын үйден тыс жерде болуын жолын кесу, қолайсыз отбасылар мен Қостанай қаласының аумағында есепте тұрған кәмелетке толмағандарды тексеру мақсатында рейдтер жүргізді.

Рейдтік іс-шаралар барысында тұрғылықты жері бойынша есепте тұрған 262 кәмелетке толмаған және 303 отбасы тексерілді. Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу бойынша тұрғындармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді.

Ювеналды полиция инспекторлары 54 әкімшілік құқық бұзушылық толтырды:

 - ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша (ата – аналардың кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін) әкімшілік жауапкершілікке - 2 ата-ана тартылды;

- ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 1-бөлігі бойынша (кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болуы үшін) 5 ата-ана тартылды;

- ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 2-бөлігі бойынша (он сегіз жасқа толмаған адамдардың алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарда алкоголь күйінде пайда болғаны үшін) 3 ата-ана тартылды;

- ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігі бойынша (кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін) 40 ата-ана тартылды;

- ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша (жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін) 4 ата-ана тартылды.