Бүгін Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев Ғ.Қайырбеков атындағы №9 мектебіне барып, оқушыларды, мұғалімдер мен ата-аналарды Білім күнімен құттықтады.
Биыл атақты ақын, жерлесіміз 95 жасқа толады, 9-шы мектепке осы кісінің есімі берілген. Бүгін мектептің есігі 91 бірінші сынып оқушысына ашылды. Жалпы, биыл облыс орталығының бірінші сыныптарына 4 мың бірінші сынып оқушысы барды.
Биылғы жылы облыстық бюджеттен Г.Қайырбеков атындағы мектепті жөндеуге 741 млн. теңге бөлінді. Жөндеуді екі жыл ішінде аяқтау жоспарланып отыр.