Жол белгілерін зерттеу бойынша жұмыс тобы құрылды

Жол белгілерін зерттеу бойынша жұмыс тобы құрылды

Ағымдағы жылдың сәуір айының соңында мердігер ұйым облыс орталығында таңбалау жұмыстарын орындауға кірісті. Таңбалау облыс полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының ұсынымдары бойынша қатаң түрде жүргізілді.

Жақында «IKomek» ахуалдық орталығының атына қала тұрғындарынан қала көшелеріндегі жаңа жол белгілері бойынша өтініштер келіп түсуде.

Қаланың кейбір жерлерінде белгілеу жүргізушілер үшін қолайсыздықтар туғызатынын ескерсек, бүгінде осы мәселелерді шешу бойынша жұмыс тобы құрылды.

Топ құрамына полиция департаментінің, қала әкімдігінің, мердігерлік ұйымдардың өкілдері кірді және «IKomek» ахуалдық орталығының қызметкерлері жауапты болды.

Жұмыс тобының негізгі мақсаты-жол белгілерін түзету үшін азаматтардың сол жерге барып келіп түскен өтініштерін зерделеу.