Көпқабатты тұрғын үйлерді салу барысы туралы

Көпқабатты тұрғын үйлерді салу барысы туралы

Қалада 76 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр, оның 29-ы жеке құрылыс, 43-і кредиттік тұрғын үй және 4-і жалға берілетін тұрғын үй. Сонымен қатар, «Қонай» тұрғын алабында 55 үйдің жеке тұрғын үй құрылысы басталды.

Құрылыс саласында туындаған қиындықтарға қарамастан, биыл жағдайды ретке келтіріп жатырмыз. Жол карталарын әзірлеп, жобаларға түзетулер енгіздік. Қазір белгіленген жоспарларға сәйкес жұмыс істеп жатырмыз.

Басты міндеттердің бірі - халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй құрылысын аяқтау. Барлығы 4 көп қабатты үй салып жатырмыз, олардың біреуі қаңтар айында пайдалануға берілді және 3 үй ағымдағы жылы аяқталады.