Жолдарды және аула аумақтарын жөндеу.

Жолдарды және аула аумақтарын жөндеу.

Қостанай қаласында бүгінгі таңда жолдарды жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Биыл барлығы 65 көшені жөндеуді жоспарлап отырмыз, оның 5-і қайта жаңартылады, 60-ы орташа жөндеуден өтеді, сондай-ақ 53 аула аумағы жөндеумен қамтылады. 6 көшеде жөндеу жұмыстары аяқталды, 7 көшеде жұмыстар жалғасуда. Тұйық аллеяларды есептемегенде, биылғы жылы барлық көшелерді асфальтбетон жабынына көшіру міндетін қойып отырмыз.