Қаланы көгалдандыру және абаттандыру мәселелері

Қаланы көгалдандыру және абаттандыру мәселелері

Ағымдағы жылдың 30 мамыр күні қаланы көгалдандыру және абаттандыру мәселелері жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтті.

Комиссия құрамына биологтар, зерттеушілер, агрономдар, мемлекеттік органдардың мамандары, жұртшылық пен БАҚ өкілдері кірді.

Комиссияның негізгі міндеті-табиғи және сәулет - ландшафтық кешендердің сақталуын қамтамасыз ету, қаланы көгалдандыру бойынша ұсынымдар әзірлеу, коммуналдық кәсіпорындар мен мердігерлік ұйымдардың жұмысын мониторингтеу және бақылау.

Сонымен қатар, комиссия жұмысына Алматы қаласынан ботаника және фитоинтродукция институтының ғалымдары қатысты. Отырыс барысында қаладағы жасыл екпелердің күтімі жөніндегі  мәселелер, сондай-ақ қаланың саябақтары мен скверлерінде автоматты суару жабдықтарын орналастыру мәселелері талқыланды.