Қостанайлықтар енді үйден шықпай-ақ коммуналдық қызметкерлермен шарт жасай алады

Қостанайлықтар енді үйден шықпай-ақ коммуналдық қызметкерлермен шарт жасай алады

Қала әкімдігі «Интегро ақпараттық салалық шешімдер орталығы» ЖШС-мен бірлесіп табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтерін цифрландыру бойынша пилоттық жоба әзірледі.

Қазіргі уақытта dev.integrocity.kz порталында «Қостанай-Су» және «ҚЖЭК» МКК, сондай-ақ «Тазалық-2012» ЖШС-мен шарт жасасуға болады.

Бұрын бұл қызметтерді алу үшін ұйымдардың кеңсесіне бару керек болатын.

Қостанай әкімдігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ішкі бақылау, мониторинг жүргізу, цифрландыру және ақпараттық технологиялар бөлімінде:
-  «Бір терезе» қағидаты қызмет көрсету процестерінің ашықтығын қамтамасыз етеді, қызмет көрсету мерзімдерін қысқартады және келісу процесін жеңілдетеді. Сондай - ақ, бұл сервис көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсетудің барлық кезеңдерінде өз өтініштерінің қозғалысын қадағалауға және нәтижелерді электрондық түрде алуға мүмкіндік береді, - деп түсіндірді.

Әзірге портал абаттандырылған сектордағы қайталама нарықта тұрғын үй иелері болып табылатын жеке тұлғалар үшін ғана қолжетімді. Қазір әкімдікте қостанайлықтардың осындай сайтқа деген қажеттілігін қадағалап, егер ол пайдалы болып шықса, қызметтер спектрін кеңейтуді көздеп отыр.

Полина ШКАРУБО

Дереккөз: https://top-news.kz/zakljuchit-dogovor-s-kommunalshhikami-kostanajcy-teper-mogut-ne-vyhodja-iz-doma/