Цифрландыру бойынша пилоттық жобаны іске асырды

Цифрландыру бойынша пилоттық жобаны іске асырды

 Қостанай қаласының әкімдігі «Интегро ақпараттық салалық шешімдер орталығы» ЖШС-мен бірлесіп табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтерін цифрландыру бойынша пилоттық жобаны іске асырды.

Қазіргі уақытта сумен жабдықтауға, қатты тұрмыстық қалдықтарды әкетуге, жылумен жабдықтауға шарттар жасасу бойынша сервистер жұмыс істейді.

Қалалық қызметтер порталы «Қостанай жылу энергетикалық компаниясы» МКК, «Қостанай-Су» МКК, «Тазалық-2012» ЖШС сияқты ұйымдардың халыққа тиісті қызмет көрсету процесін автоматтандыруға арналған.

Бұл ресурсты іске асыру қызмет көрсету процестерінің ашықтығын қамтамасыз ететін, қызмет көрсету мерзімдерін қысқартатын және келісу процесін жеңілдететін «бір терезе» қағидаттарын қолданатын шешімдерге негізделген. Сондай-ақ, бұл сервис көрсетілетін қызметті алушыларға қалалық қызмет көрсетудің барлық кезеңдерінде өз өтініштерінің қозғалысын қадағалауға және нәтижелерді электрондық түрде алуға мүмкіндік береді. Қалалық қызметтер порталы dev.integrocity.kz. мекенжайында орналасқан.

 

Құрметті қала тұрғындары!

Енді Сіздер сумен жабдықтау, ҚТҚ әкету, жылумен жабдықтау шарттарын жасасу бойынша қызметтерді үйден шықпай-ақ ала аласыз!

Ол үшін браузердің мекенжай жолағына dev.integrocity.kz теру керек

 

Порталдың функционалы сумен жабдықтауға, ҚТҚ әкетуге, жылумен энергиямен жабдықтауға арналған шарттарды ресімдеу үшін пилоттық режимдетек:

1) жеке тұлғалар үшін

2) абаттандырылған сектор үшін

3) қайталама тұрғын үй үшін

4) тұрғын үй иелерінеқолжетімді.

Порталмен жұмыс істеу үшін:

  1. Қолданыстағы ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба);
  2. Орнатылған және іске қосылған NCALayer бағдарламасы қажет.

ЭЦҚ-ны қалай алуға болатынын http://www.pki.gov.kz/index.php/ru/poluchenie-klyuchej-etsp сілтемесі арқылы немесе жақын маңдағы ХҚКО-ға (Халыққа қызмет көрсету орталығына) жүгіну арқылыбілуге болады.

NCALayer бағдарламасын қалай орнатуға және іске қосуға болатынын http://pki.gov.kz/index.php/ru/ncalayer.сілтемесіне өтіп білуге болады.