Көпір астындағы қозғалыс ашылды!

Көпір астындағы қозғалыс ашылды!

Құрметті қостанайлықтар! Назарбаев көшесі бойындағы жол өтпесінде автомобиль қатынасының күрделенуіне байланысты, ПЧСТР көпірінің жанында жедел көшпелі кеңес өткізілді, онда - уақытша, үлкен су келгенге дейін а.ж. 15 наурызында сағат 14-00-ден бастап көпір астындағы қозғалысты ашуға алқалы шешім қабылдадық.

Жол мамандары көліктерге зақым келтірмеу үшін, қауіпті жол учаскелерін төсеніш таспен бітеп тастайды. Жол жағдайының нашарлығы туралы ескертетін белгілер орнатылуда. Жүргізушілер қозғалыс кезінде мүмкіндігінше мұқият болуы керек.

Алдағы өзгерістер туралы БАҚ, әлеуметтік желілердегі танымал аккаунттар және Қостанай қаласы әкімдігінің ресми сайты арқылы қала тұрғындарын жедел хабардар ететін боламыз.