Аппараттық кеңес

Аппараттық кеңес

Бүгін Қостанай қалысының әкімі М.Қ. Жүндібаевтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Онда Қостанай қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын, сондай-ақ 2022 жылы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жұмысын қорытындысы және басқа да бірқатар мәселелер талқыладық..
Өткен жылы қала экономикасына 137 млрд.теңге инвестиция тартылды. Қостанайда 30 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді, өткен жылы мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдерінің 60% - ы шағын және орта бизнес субъектілерімен қамтамасыз етілгенін атап өту маңызды.
2022 жылы 293,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (2021ж. - 303,7 мың ш.м.). Ағымдағы жылы, құрылысы 2019-2020 жылдар кезеңінде басталған 32 тұрғын үйдің (326 мың ш.м.) құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 4 жалдамалы үй бар, олардың біріншісін біз ағымдағы жылдың қаңтар айында тапсырып, қоныстандырдық.
Өткен жылы 880-ден астам мәдени-бұқаралық іс-шара өткізіліп, оған 120 мыңнан астам адам қатысты. Мәдениет және тілдерді дамыту мәселелері тұрақты бақылауда.