Қостанай қаласының әкімдігі «Жас шаңырақ» бағдарламасы бойынша жас мамандардың тұрғын үй сатып алу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталғанын хабарлайды.

Қостанай қаласының әкімдігі «Жас шаңырақ» бағдарламасы бойынша жас мамандардың тұрғын үй сатып алу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталғанын хабарлайды.

Бағдарламаның шарттары

  1. Қарыздың ең жоғарғы сомасы – 15 млн. теңге;
  2. Кредиттеу мөлшерлемесі – жылдық 5%;
  3. Бастапқы жарна – қарыз сомасының кемінде 10% - ы;
  4. Тұрғын үй заемының ең ұзақ мерзімі – 19 жылға дейін;
  5. Бағдарламаға қатысушылар бастапқы тұрғын үйді де, қайталама нарықтан да сатып ала алады (50 жылдан аспаған үй);
  6. Қатысушылардың жасы – 18-ден 35 жасқа дейін (қоса алғанда);
  7. Өтініш берушінің және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығындағы тұрғын үйінің болмауы және соңғы 5 жыл ішінде иеліктен шығару фактілері,
  8. келесі салалардың біріндегі бюджеттік ұйымдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері:

- Әлеуметтік сала, атап айтқанда, техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, Қостанай қаласында тіркелген мемлекеттік, қалалық және республикалық денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт ұйымдарында (оның ішінде ЖШС, АҚ және мемлекет 100% қатысатын КЕАҚ) жұмыс істейтін бейінді қызметкерлер;

- Коммуналдық кәсіпорындардың/мекемелердің – мемлекеттің 100% қатысуымен коммуналдық мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қызметкерлері.

Бағдарламаға қатысушылар үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1) Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (балалардың тууы, қайтыс болуы, неке қию (ерлі-зайыпты болу), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, қорғаншыны тағайындау туралы қаулы);

2) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;

3) өтініш берушіге және Қазақстан Республикасы бойынша отбасының барлық мүшелеріне жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама; (анықтама өтінім берген сәтте күнбе-күн алынуы тиіс);

4) жұмыс орнынан анықтама берілген күні, шығыс нөмірі, жұмысқа орналасқан күні және атқаратын лауазымы мен лауазымдық жалақысы көрсетілген ұйымның/мекеменің фирмалық бланкісінде берілген анықтама. Ресми бланк болмаған жағдайда анықтамада ұйымның мөрі болуға тиіс;

5) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын құжаттар; (қызметтік тізім, еңбек кітапшасы және т. б.);

6) еңбек қызметінің бүкіл кезеңі үшін зейнетақы аударымдары туралы үзінді көшірме;

7) жұмыс орнынан құжат тапсырушы адамның соңғы 12 айдағы табысы туралы анықтама;

8) дипломдар, сертификаттар және халықаралық, республикалық, облыстық деңгейде кәсіби, қоғамдық жетістіктерді растайтын өзге де құжаттар.

9) «Отбасы банк» АҚ ҚОФ қосымша құжаттарды сұратуға құқылы.

Құжаттарды қабылдайтын күндер:

- 2022 жылғы 4, 5, 11, 12 қазан

Қабылдау уақыты:

- 9:30-дан 13:00-ге дейін , 14:30-дан 18:00-ге дейін

Құжаттарды қабылдау орны:

Қостанай қаласы, Пушкин көшесі, 100-үй

«Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ.