Қоғамдық бақылау  

Қоғамдық бақылау   

Ағымдағы жылдың 31 тамызында «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қоғамдық бақылау жүргізді. Аталған іс-шара барысында қызметкерлер мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша консультативтік көмек көрсетті. Бөлімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттық стендтер бар. Ғимарат халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына кіруге бейімделген. Жүргізілген іс-шаралардың нәтижелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманы бұзушылықтар анықталған жоқ.