Қаланың сауда желісінде қант тапшылығы жоқ

Қаланың сауда желісінде қант тапшылығы жоқ

Қостанай қаласында ағымдағы жылдың 27 сәуірінен бастап тұрақтандыру қорынан сауда желілері трапаынан қантты іріктеу белсенді жүргізілуде. Тұрақтандыру қорынан күнделікті жіберілетін көлем 5 тоннаны құрайды. Халыққа қант сауда желілерінде 480 теңге/кг сатылуда.

Қаланың ірі супермаркеттерінде қант лимитпен сатылады (сағат бойынша сату, 1 қолға 1 кг артық емес).

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алушылар "Астықжан", "Солнечный", "Rauzet", "Норма", "Азия", "Меркурий", «City» және "Особа"супермаркеттері желісінен сатып ала алады. Сонымен қатар, өнімдер "Ахчин Г", "15", "Эра", "Театральный" және басқа дүкендерде сатылады.

Сондай-ақ, бөлшек сауда желілері көтерме сауда компанияларымен тікелей келісімшарт жасайды.

Облыстағы ірі негізгі қант жеткізушілер - "КоstExport"ЖШС, "Бас торговля 21" ЖШС, "Лисван"ЖШС.

Айта кету керек, жалпы сауда сөрелерінде өнім тапшылығы жоқ.

Анықтама: Қостанай қаласы халқының қант қажеттілігі 254,5 мың адам саны жылына 4,3 мың тоннаны немесе айына 360 тоннаны құрайды (1 адамға норма жылына 17 кг немесе күніне 46,5 гр).

Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі