Ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды

Ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды

2022 жылғы 25 шілдеде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті мен Қостанай қаласының әкімдігі арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды.

Іс-шараны аша отырып, Қостанай қаласының әкімі М.Қ. Жүндібаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін арттыру, қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту және сыбайлас жемқорлық көріністеріне "нөлдік" төзімділік атмосферасын құру мақсатында қала әкімдігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюға ниетті екенін атап өтті.

Іс – шараға облыс әкімінің міндетін атқарушы Ғ.Т. Нұрмұхамбетов, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің облыстық департаментінің басшысы С.К. Мырзалы, Қоғамдық кеңестің төрағасы С.Ш. Бектұрғанов, мәслихат хатшысы, қала және полиция қызметінің басшылығы, депутаттық корпус және қоғамдық кеңес мүшелері, қала әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары қатысты.

Меморандумда мемлекеттік органның және ведомстволық бағынысты ұйымдардың транспаренттілігінің белсенді саясатын жүргізу көзделген, ол мынадай негізгі бағыттарды көздейді:

- Қоғамдық кеңес мүшелерін, өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдерін, депутаттарды, ҮЕҰ-ды Мемлекеттік сатып алуды өткізу, шарттардың, Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың орындалуына мониторинг жүргізу жөніндегі конкурстық комиссиялардың жұмысына тарту;

- бюджетті жоспарлау және атқару, қоғамдық көлікте жол жүру тарифтерін қалыптастыру, азаматтық қоғам өкілдерін тарта отырып, тұрғын үй қорын бөлу мәселелерін қарау;

- қала әкімінің жанынан мердігерлер, ардагерлер және басқа да бейінді мамандар қатарынан ТКШ және құрылыс мәселелері бойынша техникалық консультанттар кеңестерін құру;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған халықтың түрлі санаттарының өкілдерінің (спортшылар, педагогтар, мемлекеттік қызметшілер, мәдениет қызметкерлері, зиялы қауым) қатысуымен ауқымды іс-шаралар мен акциялар өткізу;

- тренерлер ретінде құқық қорғау органдары мен мемлекеттік басқару академиясының қызметкерлерін тарта отырып, қала әкімдігінің мамандарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетке оқыту.

Жасалған меморандумның қорытындысы ағымдағы жылдың шілде-желтоқсан айларында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оның алдын алу бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру болып табылады.

Жол картасын іске асыру мерзімі ішінде жүргізіліп жатқан жұмыстарды, оның ішінде Қоғамдық кеңестің отырыстарында және өзге де көпшілік алаңдарда, БАҚ-та, интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде кеңінен талқылау жоспарланған.

 

Қостанай қаласы әкімінің баспасөз қызметі