Мемлекеттік рәміздерді қабылдаудың 30 жылдығымен!

Мемлекеттік рәміздерді қабылдаудың 30 жылдығымен!

Құрметті қостанайлықтар!

Сіздерді Мемлекеттік рәміздер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. 1992 жылы 4 маусымда тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері алғаш бекітілді.

Елге, Отанымызға деген сүйіспеншілік - Мемлекеттік рәміздерді құрметтеумен тығыз байланысты.

Ту, Елтаңба және Әнұран - бұл елдің саяси тәуелсіздігі мен егемендігінің нышандары.

Біз мемлекеттік рәміздерімізді жоғары бағалаймыз, заңнамамыз оларды қорғайды, Қазақстан азаматтары өз Отанының нағыз патриоты ретінде оларды құрметтеуге міндетті.

Мемлекеттік тудағы дала қыраны жомарттық пен қырағылықты, қазақстандықтардың ойларының биіктігін бейнелейді.

Елтаңбадағы шаңырақ айналасындағы қанатты тұлпарлар бейнесі елге, оның тарихына, мәдениеті мен дәстүрлеріне деген адалдық пен құрмет идеясын білдіреді.

Мемлекеттік әнұран - Отанға деген сүйіспеншіліктің, халықтың ұлылығы мен уақыт байланысының белгісі.

«Туы биік елдің тұғыры биік» деген халқымыз. Олай болма, осынау жарқын мерекемен құттықтай отырып дендеріңізге саулық, отбасына амандық, ел игілігі жолындаға еңбектеріңізге мол табыс тілеймін.

Құрметпен, Қостанай қаласының әкімі                                М. Жүндібаев