«Тіл шебері» байқауы

«Тіл шебері» байқауы

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік мең­гер­ген қабілетті жастарға қолдау көрсету, мемлекеттік тілдің қолдану мәртебесін арттыру және жастардың іскерлік және халықаралық қарым-қатынас құралы ретіндегі тілдерді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында «Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ2022 жылғы  18 мамыр күні  үш тілді меңгерген жастар арасында «Тіл шебері» қалалық конкурсын өткізді.

Байқауға жұмыс істейтін жастар қатысты. Барлығы 18 адам қатысты.

Байқау нәтижесі бойынша І жүлделі орынды Акушкарова Әсем Бауржанқызы, ІІ орынды Баймағамбетова Гүлназ Мейрамқызы жеңіп алды,  ал ІІІ орынды Нұрханова Малика Айдосқызы  иеленді.

Барлық қатысушылар алғыс хаттармен, жеңімпаздар дипломдар менақшалай сыйлықтармен марапатталды.