Қала әкімдігінде кадрлық тағайындаулар

Қала әкімдігінде кадрлық тағайындаулар

Қостанай қаласы әкімінің өкімімен Армат Берікұлы Қыдырниязов әкімнің кеңесшісі болып тағайындалды. Мемлекеттік қызмет өтілі 20 жылдан астам.

1997 жылдан бастап Қостанай облысы бойынша Салық полициясы, қаржы полициясы, Экономикалық тергеу департаменті жүйесінде әртүрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

Құқық қорғау органдарымен және басқа да күш құрылымдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын болады. Құқық бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастырады.

Асылхан Болатұлы Хакимов қала әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып тағайындалды. Мемлекеттік қызмет өтілі 20 жылдан астам.

2000 жылдан бастап Жітіқара ауданының ТКШ жүйесінде, облыстық энергетика, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларында, сондай-ақ атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық департаментінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

Қостанай қаласы әкімінің баспасөз қызметі