Құрметті қостанайлықтар!
Сіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнімен шын жүректен құтықтаймын!
Біздің ардагерлердің майдан далаларындағы шайқаста көрсеткен батылдығы мен ерліктері, тылдағы зауыттар мен фабрикалардағы жанқиярлық еңбегі жауды тізе бүктірді.
Ұлы Жеңіске костанайлық жауынгерлер де өздереінің лайықты үлестерін қосты, Кейін 150-ші дивиияға айналған 151-ші жеке атқыштар бригадасы соғыс кезіңде күллі Еуропаны басып өтіп, Берлинге дейін жетті және Рейхстагқа Жеңіс туын тікті. Сол қанды майданда 500 қазақстандық Кеңес Одағының батыры атағын алды. Олардың қатарында даңқты жерлестеріміз Леонид Беда мен Иван Павловтың екі мәрте батыр атануын біз мақтан тұтамыз.
Кешегі қанды майдандағы шайқастарда Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін өмірлерін қиған, осы жарқын күндерге жетпеген ардақты жандардың рухына тағзым ету біздің парыз.
Жеңістің бізге қалай келгендігін ұғыну, арамызда жүрген ардагерлерге ұдайы қамқорлық көрсету бүгінгі буынның міндеті.
Қымбатты жерлестер! Осынау айтулы Жеңіс мейрамында сіздерге шын жүректен мықты денсаулық, бақыт, отбасына береке-бірлік, еліміздің амандығын тілеймің!
Құрметпен, Қостанай каласының әкімі М. Жүндібаев