Қоғамдық бақылау

Қоғамдық бақылау

Ағымдағы жылдың 27 сәуіріндегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына қоғамдық бақылау жүргізілді. Аталған іс-шара барысында қызметкерлер мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша консультативтік көмек көрсетті. Бөлімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ақпараттық стендтері бар, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дұрыс берілуінің бейне алгоритмдері көрсетілген. Ғимараттар халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қол жеткізуге бейімделген. Жүргізілген іс-шаралардың нәтижелері бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманы бұзушылықтар анықталған жоқ.