Қостанай қаласының жаңа әкімі тағайындалды

Қостанай қаласының жаңа әкімі тағайындалды

24 наурыз күні облыс әкімі А.Б. Мұхамбетов қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша жаңадан тағайындалған Қостанай қаласының әкімі Марат Қонысбайұлы Жүндібаевты актив жиналысында таныстырды.

М.Қ. Жүндібаев 1974 жылы туған, Қостанай облысының тумасы, қазақ, білімі жоғары, 1997 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін тарих пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша, 2002 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын құқықтану мамандығы бойынша, 2009 жылы Халықаралық бизнес университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген.

1999 жылғы қарашадан бастап 2020 жылғы қыркүйекті қоса алғанға дейін 20 жылдан астам Қостанай облысы жергілікті атқарушы органдарының құрылымдарында әртүрлі лауазымдарды атқарды.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Қайрат Жұмашұлы Ахметов өз еркімен берілген өтінішіне сәйкес атқарып жүрген лауазымынан босатылды.

Қостанай қаласы әкімінің баспасөз қызметі