Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын ұстап тұру жөніндегі шаралар

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын ұстап тұру жөніндегі шаралар

Бүгін ірі сауда объектілері мен супермаркеттер басшыларымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру мәселесі бойынша кеңес өткіздім.

Бұл мәселе қалада ерекше бақылауда. Мысалы, ең төменгі сауда үстемесін көрсете отырып, өнім берушілердің сауда желілеріне өнімді жеткізуіне тікелей шарттар жасалды. Бүгінгі таңда 160 келісімшарт жасалды.

Қала наубайханаларымен сауда желілері мен "үй жанындағы дүкендерге" 88-89 теңге бағамен әлеуметтік нан (салмағы 600 грамм 1-сұрыпты ұннан) жеткізу туралы келісімге қол жеткізілді. Әлеуметтік нанның құны 90 теңгеден аспауы керек.

Айта кету керек, бизнес тарапынан әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларын сақтау бөлігінде ағымдағы жағдайды түсіну бар.

Кеңес қорытындысы бойынша қаланың "Астықжан", "НОРМА" және "Солнечный" сияқты ірі сауда желілерімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру бойынша тоқсанға арналған меморандумдарға қол қойылды.

ӘМАТ-тың 19 атауы бойынша меморандумға сәйкес өнім берушілер босататын бағадан 3% артық емес үстемеақы жазылған. Меморандумдарға қол қою басқа да ірі сауда объектілерімен жалғасады.

Қостанай қаласы әкімінің баспасөз қызметі