Құрметті үкіметтік емес ұйым басшылары!

Құрметті үкіметтік емес ұйым басшылары!

«Қостанай қаласының әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ ҚР «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының​ 41-бабының​ 5-тармағына сәйкес жекеше мекеме, қоғамдық, корпоративтік және жекеше қорлар, заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестігі, қоғамдық бірлестік, коммерциялық емес акционерлік қоғам нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдар, сондай-ақ шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын филиалдары мен өкiлдiктерiнің (оқшауланған бөлiмшелерi) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өз қызметі туралы, оның ішінде өзінің құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаның қалыптасу көздері және жұмсалу бағыттары туралы мәліметтерді жыл сайын​ ​ ​ ​ 31 наурызға дейін​ үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға - Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму Министрлігіне ұсынады.

Сіз ақпаратты «ҮЕҰ деректер қоры» ақпараттық ресурсы (infonpo.gov.kz), пошта немесе қолма-қол қағаз және электрондық тасығыштар арқылы жолдай аласыз.

Естеріңізге саламыз, мәліметтерді ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау жауапкершілікке әкеп соғатын әкімшілік құқық​ бұзушылық болып табылады:

ӘҚБтК 489-1бабы:

1-тармағы-ескерту; 2-тармағы – қайта бұзушылық үшін –​ 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе қызметтік үш ай мерзіміне тоқтата тұруға әкеп соғады.​

Анықтама телефондары: 8 (7142) 575759