2021 жылдың 12 айында қала әкімдігінде қызметтік этика, ҚР мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының этикалық нормалары мәселелері бойынша 27 семинар - кеңес өткізілді. Қостанай қаласының мемлекеттік қызметшілеріне қоғам тарапынан әкімшілік, тәртіптік жазалардың, шағымдардың болу фактілері қаралды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңды және Әдеп Кодексінің, Әкімшілік және қылмыстық заңнаманың, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның талаптарын сақтау мемлекеттік қызметшілерге міндеттерді уақытша жүктеген кезде нормаларын бұзу фактілері.
Қостанай қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі 38 жеке қабылдау өткізді, олардың 10-ы мемлекеттік қызметші, 28-і жеке тұлға, барлық жүгінушілерге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Қазақстан Республикасының Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша жеке консультативтік көмек көрсетілді. Еңбек заңнамасының мәселелері қаралды. Қостанай қаласы әкімдігі бөлімдерінің мемлекеттік қызметшілерімен кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, еңбек заңнамасы, еңбекті, денсаулықты қорғау, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалану жөніндегі кодекс тақырыптары қозғалды. Мемлекеттік қызметшілердің шектеулер мен тыйым салуларды қабылдауы. Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін бұзу фактілері, әкімшілік, тәртіптік жазалардың, қоғам, бағыныстылар мен әріптестер тарапынан шағымдардың болуы қаралды. Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы сақтау. Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтамау фактілерін болдырмау. Көрсетілетін қызметті алушы тарапынан негізделген шағымдарды алып тастау. 28.01.2021 жылы Қостанай қаласы әкімінің сайтында этикалық нормаларды сақтау бойынша мемлекеттік органда (Қостанай қаласы әкімінің аппараты) қабылданатын шаралардың қаншалықты тиімді екендігіне онлайн сауалнама орналастырылған. Сауалнамаға қатысқандардың саны 180 адам.
«Күнделікті өмірде сіз мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызмет этикасы нормаларының бұзылуына қаншалықты жиі кездесесіз: деген сұраққа сұралғандардың 56% - ы кездеспегенін, жиі-11,5%, кейде -23,5, сирек – 9% деп жауап берді.
«Мемлекеттік қызметшілердің этикалық мәдениетін арттыру үшін не қажет» деген сұраққа 62,8% - әдепті қызметшілерді жан - жақты көтермелеу, 37,2% - әдепсіз қызметшілерге қатаң жазалау шараларын қолдану қажет деп жауап берді.
«Мемлекеттік органда этикалық нормаларды сақтау бойынша қабылданатын шаралар» деген сұраққа 78,6%- тиімді, қызметшілер азаматтар мен әріптестерге әдепті және құрметпен қарайды, 20,6% - тиімділігі төмен, қызметшілер дөрекі мінез-құлыққа және әріптестеріне азаматтарды құрметтемеу фактілеріне жол береді, 0,8% - жауап беруге қиналамын деп жауап берді.
Тұрақты негізде WhatsApp, Instagram, VKontakte, Twitter, Mail.ru, Одноклассники әлеуметтік желілерінде мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауы тұрғысынан мониторинг жүргізіледі. Әкім аппаратында Әдеп жөніндегі уәкілмен 12 ай ішінде мемлекеттік қызметшілермен «Жұмыс уақытынан тыс уақытта әдеп нормаларын сақтау» тақырыбында түсіндіру әңгімесі жүргізілді.
Мониторинг нәтижесі бойынша 57 оң және 8 теріс материал анықталды. 2021 жылдың 12 айында Қостанай қаласы әкімдігінің 13 мекемесінде 2 анонимдік сауалнама өткізілді. 239 мемлекеттік қызметші қатысты. Мемлекеттік мекемелерде оң динамика анықталды. Ұжымдарда қолайлы атмосфераның, басшылардың қарамағындағыларға әділ және объективті қарым-қатынастың болуы анық.
19 наурызда ӘЖУ онлайн режимінде концультация күнін өткізді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметші күніне орай Қостанай облысы әкімінің грамотасымен: Д.К. Турсунбаева, Н.Д. Бенюх, З.М. Ещанова, Т.Н. Данильчук, А.Б. Ещанова, И.Г. Тимошенко, Т.М. Сарин марапатталды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметші күніне орай Қостанай қаласы әкімінің грамотасымен төмендегі қызметшілер марапатталды: Нариман К.Ю., Булатов Д.Т., Тлеугалеева А.Э., Туребекова А.А., Шабаева И.Г., Бозбалина А.С., Ысқақова З.С., Махмутов А.К., Танатарова М.А., Чекмачева М.А., Загоруйко Н.Ю., Сундетов Е.Б., Жумабеков Б.С., Кадыржанова А.К.
Конституция күніне орай қала әкімінің грамотасымен 6 адам марапатталды: Березнев А.Ф, Евич Т.С, Заячук А.А, Кубентаев Ж.С, Рузанов С.Н, Таранюк И.Н..
Әдеп жөніндегі уәкілдің ұсынысы бойынша мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыруға үлес қосқан 94 адам көтермеленді.
Әдеп жөніндегі уәкілдің Instagram-дағы жеке арнасында өтініштер мен тілектерді алу, сондай-ақ атқарылған жұмыс туралы хабарлау мақсатында 2021 жылдың 12 айында 71 ақпараттық жазба жарияланды. Қаланың баспасөз қызметі түсіндіру бойынша өткізілген іс-шараларды жария етеді.
Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілеріне әшкерелейтін фотосуреттер, ойын-сауық мекемелерінен, шетелдік демалыс орындарында, қымбат тұратын автомобильдер мен интерьер фонында түскен бейнелерін, қымбат бағалы зергерлік бұйымдар мен өзге де сән-салтанат заттарын көрсету тұрғысынан апта сайын мониторинг жүргізіледі. 2019 жылы демалыс орындарынан фотосуреттерін орналастырғаны үшін 3 қызметкер анықталып, тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 2020-2021 жылдары бұзушылықтар анықталған жоқ.
Қостанай қаласы полиция басқармасының ЖПҚ бастығы М.А. Сахратовпен бірлесіп Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің негізгі ұғымдарын, ережелерін және талаптарын түсіндіру, сондай-ақ жол қозғалысы саласындағы құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік шараларын түсіндіру мақсатында әкімдік қызметкерлерімен кездесулер өткізіледі.
Қостанай қаласы әкімдігінің қызметкерлерін таныстыру және мемлекеттік қызметшілердің парасаттылық декларациясын қол қою арқылы қабылдау жүзеге асырылады.
Қайта кірген мемлекеттік қызметшілермен мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың және Еңбек кодексінің негізгі ережелері мен талаптарын түсіндіру бойынша әңгімелесулер өткізіледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама нормаларын сақтау мақсатында Қостанай қаласы әкімдігінің қызметкерлерін сыйлықтарды тапсыру бойынша жадынамамен түсіндіру және таныстыру жүргізілді.
Осылайша, 2020 жылдың желтоқсанында Қостанай қаласы әкімдігінің атына «DHL» ЛК арқылы Қостанай мүлік және жекешелендіру департаментіне келіп түскен 1 сыйлық тапсырылды.
Еңбек ұжымының өкілімен, персоналды басқару қызметімен бірлесіп, 2021 жылғы жұмыс уақытының есебіне талдау жүргізілді (Үстеме уақыттағы жұмыстың 3 фактісі бар, үш маманға демалыс сағаттары берілді. Демалыс және мереке күндері жұмысқа әкім аппаратының мамандары тартылған жоқ).
2021 жылы дөрекі мінез-құлық көрсеткені, өтініш берушімен дөрекі қарым-қатынас фактісі көрінгені, сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің сыртқы түрінің іскерлік стиліне сәйкес келмеуі үшін АХАТ бас маманы Л.З. Тимиргазиева тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Әдеп жөніндегі уәкілдің ресми Instagram парақшасында атқарылған жұмыс, акцияларға қатысу және Әдеп жөніндегі мақалалар туралы ақпарат орналастырылған.
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шараларының 2015-2025 жылдарға арналған жоспарының 19-тармағын іске асыру мақсатында әкімдіктің мемлекеттік қызметшілерімен мемлекеттік қызметшілердің қызметтік қажеттілік бойынша тұрақты жұмыс орнынан тыс іссапарлардағы және өзге де шығулардағы мінез-құлқы туралы жадынаманы түсіндіру және таныстыру жөнінде кеңес өткізілді. Қостанай қаласы әкімінің аппаратында уәкілдің әр бөлім басшыларымен түсіндіру әңгімелерімен мүдделер қақтығысының туындауы саласындағы заңнаманың сақталуына мониторинг жүргізілді. Мониторинг барысында мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
Соңғы екі жыл ішінде мүдделер қақтығысы анықталған жоқ. Тікелей бағынышты жақын туыстардың бірлесіп қызмет ету, мемлекеттік қызметшілердің өзге де ақы төленетін қызметпен айналысу фактілері анықталған жоқ. 05.11.2021 персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің басшысы А.А. Туребековамен бірлесіп жұмыс жағдайын зерделеу, сондай-ақ мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің сыртқы келбетін, санитариялық-эпидемиологиялық нормаларды, азаматтарды қабылдау қағидаларын сақтау және ұжымда жағымды моральдық-психологиялық ахуалдың болуы мақсатында әкімдік қызметкерлерінің кабинеттерін, жұмыс орындарын аралау жүргізілді.
Бұл ретте, қызметкерлермен мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге тиіс қызметшілердің сыртқы түрінің жалпы қабылданған іскерлік киім стиліне міндетті түрде сәйкестігі және іскерлік этикетті, жеке және заңды тұлғалармен қабылдау және олармен жұмыс істеу кезінде ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау қажеттігі туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді (мемлекеттік қызметшілердің киім үлгісіне қойылатын негізгі талаптар бойынша жадынама-ұсынымдар берілді).
Бүгінгі күні Әдеп жөніндегі уәкілдің негізгі міндеті қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл саласындағы заңнама мен Әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыру болып табылады, сондай-ақ мемлекеттік аппаратты дамыту үшін негізгі бағыт Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы: «Ең алдымен адамдар» - «Адамға бағдарланған» моделін қалыптастыру болып табылады.
Алдағы уақытта Қостанай қаласы әкімдігі мемлекеттік қызметшілерінің моральдық-этикалық бейнесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс мемлекеттік қызметте әдептілікті арттыру жөніндегі кешенді жоспар шеңберінде тұрақты негізде жалғасатын болады.
«Қостанай қаласы әкімінің
аппараты» ММ басшысы
әдеп жөніндегі уәкіл В. Клочко