Президент баяндамасын ұжымдық қарау ұйымдастырылды

Президент баяндамасын ұжымдық қарау ұйымдастырылды

2022 жылғы 11 қаңтарда кіші залда Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің отырысында «ҚАСІРЕТТІ ҚАҢТАР» САБАҒЫ: ҚОҒАМ ТҰТАСТЫҒЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК КЕПІЛІ» атты сөйлеген сөзін тікелей эфирде ұжымдық қарау ұйымдастырылды.

Қостанай қаласының әкімі Қ.Ж. Ахметов және оның орынбасарлары, әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, әкім аппаратының қызметкерлері баяндаманы мұқият тыңдап, елдің алдағы уақытта әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша айтылған міндеттермен танысты.

Қостанай қаласы әкімінің баспасөз қызметі