Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні

Ағымдағы жылдың 9 желтоқсанында Қостанай қаласы әкімдігінің мәжіліс залында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған қалалық эссе және суреттер байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің естелік сыйлықтарымен және қала әкімінің грамоталарымен салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Конкурс аясында бастауыш сынып оқушыларына "сыбайлас жемқорлықсыз әлем" тақырыбына сурет салу, қала мектептерінің орта және жоғары сынып оқушыларына "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын іске асырудың тиімділігі" тақырыбына эссе жазу ұсынылды. Сонымен қатар студенттер "сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің экономикалық жүйесіне әсері, сыбайлас жемқорлық құбылыстарының алғышарттары" тақырыбында эссе жазу арқылы байқауға қатысты.

Нәтижесінде, бастауыш сынып оқушылары арасындағы сурет сайысының жеңімпазы – № 17 мектептің 4 "Б" сынып оқушысы Жакупов Глеб, екінші орынды № 2 мектеп – лицейдің 3 "б" сынып оқушысы Иванов Илья, үшінші орынды № 16 мектептің 1 "А" сынып оқушысы Карымсакова Сабина иеленді.

Эссе байқауының қорытындысы бойынша № 14 мектептің 7 "а" сынып оқушысы Балабина Анастасия бірінші орынды, № 20 мектептің 6 "Б" сынып оқушысы Шомытова Алиана екінші орынды, № 122 мектептің 6 "А" сынып оқушысы Токмагамбетова Зарина үшінші орынды иеленді.

Жоғары сыныптар арасындағы эссе байқауының жеңімпазы - № 27 мектептің 11 "А" сынып оқушысы Досмаилова Адия, екінші орынды № 27 мектептің 9 "Б" сынып оқушысы Хализо Эвелина, үшінші орынды № 2 мектеп – лицейдің 10 "В" сынып оқушысы Сугурова Малика иеленді.

Студенттер арасындағы эссе байқауының жеңімпазы – Политехникалық колледждің 1 курс студенті Сағындықов Ілияс, екінші орынды Гуманитарлық колледждің 4 курс студенті Махметова Томирис, үшінші орынды Гуманитарлық колледждің 2 курс студенті Сүлейменова Сақыш иеленді.

Байқаудың барлық қатысушыларына алғысымызды білдіреміз және алдағы уақытта табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!

Сыбайлас жемқорлық-қоғам дамуының алғашқы кезеңдерінде пайда болған күрделі, тарихи өзгермелі, жағымсыз әлеуметтік құбылыс. Сондықтан да адалдық, парасаттылық, әділдік қағидаттарын қалыптастыру, сондай-ақ қоғамда, әсіресе, жас ұрпақ арасында ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын ілгерілету мемлекеттің маңызды міндеті болып табылады.

Бүгінгі таңда Қазақстанның осы маңызды мәселе бойынша қағидаттық ұстанымын көрсететін мемлекетіміздің басты стратегиялық құжаты – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іс-шараларын іске асыру жөніндегі жұмыс белсенді түрде жүзеге асырылуда. Еліміздің азаматтарының конституциялық құқықтары мен бостандықтарын толыққанды қорғауды қамтамасыз ететін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл барлық мемлекеттік органдар қызметінің басым бағыты болып табылады.