Қостанайда «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеудің «Жасампаздыққа толы жылдар» тұжырымдамасы іске асырылуда

Қостанайда «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеудің «Жасампаздыққа толы жылдар» тұжырымдамасы іске асырылуда

Жыл басынан бері жоғары идеялық-мазмұндық және ұйымдастырушылық деңгейде қала тұрғындарының қатысуымен қоғамдық-саяси бағытта 120-дан астам түрлі іс-шаралар, оның ішінде 36-сы онлайн режимде әлеуметтік желілерде өткізілді.

Іс-шаралар төрт тұжырымдамалық-мағыналық 4 блок бойынша өткізілді:

"Тәуелсіздік Сәулетшісі".

 «Қазақстандық даму үлгісінің авторы».

«Жастарды шабыттандыратын тұлға».

«Бейбітшілік пен тұрақтылықтың кепілі».

Атап айтқанда, қала кітапханалары педагогика, филология, тарих ғылымдарының профессорлары мен кандидаттарының қатысуымен бірқатар білім беру-Мәдени іс-шараларын өткізіліп, жас ұрпаққа Тұңғыш Президенттің жаңадан құрылған егемен республиканың қалыптасуына қосқан зор үлесі түсіндірілді.

"Мирас" мәдениет үйінің ұжымдары мен солистері "Қазақстан-туған елім" патриоттық әндерінің онлайн –конкурсын және "Жырлаймын сені, туған Ел!" онлайн – концертін өткізді.

 «Тәуелсіздіктің шыңы» тарихи медиа сағатта «Менің балалық шағымның аспаны» фильмінің сюжеттерін пайдалана отырып, ҚР-ның Тұңғыш Президенті,  Елбасы Н.Назарбаевтың қызметін, тұлғасын, сондай-ақ Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін ашып көрсететін "Менің Қазақстаным, менің жерім" онлайн ойыны өткізілді.

Мәдени-білім беру мекемелері патриотизм, мақтаныш сезімін арттыратын іс-шараларды жүзеге асырды. Негізгі мақсаты Республика азаматтарының ұлтына, конфессиясына, тіліне қарамастан, құқықтары мен бостандықтарының теңдігін қамтамасыз ету, толеранттылықты, бейбітшілік пен келісімді сақтау болып табылатын бірегей институт – Қазақстан халқы ассамблеясы туралы.

«Игі істер марафоны» республикалық жобасы аясында Қайырылымдық қоры ел тірегі Елбасы атты акциясын өткізді. Оның арқасында бір жылдың ішінде 1500 астам жанұя азық – түлік корзинасына ие болды. Басқа да кәсіпкерлер мен «Жанашыр бол» қоғамдық бірлестігінің еріктілері халықтың әлеуметтік осал топтарынан тұратын отбасына, жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедектерге жыл бойы қайырымдылық және демеушілік көмек көрсетіп отырды.

Барлық аталған іс-шаралар оң әлеуметтік әсерге ие.

Сондай-ақ, ішкі саясат бөлімі «Тәуелсіздіктің құрдастары» жобасы аясында Тәуелсіздік құрдастары туралы түрлі салаларда нәтижелерге қол жеткізген бейнесюжеттер дайындалады.

Орталық алаңдарында, ірі сауда ойын-сауық орталықтарында «Менің туым-менің Қазақстаным!» Тәуелсіздік құрдастарының, жастардың және барлық ниет білдірушілердің қатысуымен патриоттық флешмоб өткізу, мемлекеттік рәміздерге құрмет  көрсетумен қатар, әнұранды, патриоттық әндерді, өлеңдерді, проза мен поэзияны орындау бойынша бүкілхалықтық челленджді ұйымдастыру  жоспарлануда.

Қалада Тәуелсіздік күнін мерекелеуді ұйымдастыруға және өткізуге дайындыққа қатысты күн тәртібінде ұлтты ұйыстыратын, терең патриоттық сезімдер мен жалпыға ортақ жағымды эмоциялық көңіл-күй туғызатын іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланған.

Қостанай қаласы әкімінің баспасөз қызметі