Қала әкімдігіндегі кадрлық тағайындау

Қала әкімдігіндегі кадрлық тағайындау

2021 жылғы 2 желтоқсандағы өкіммен Костюков Алексей Анатольевич Қостанай қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Білімі-жоғары. 2005 жылы Экономика мамандығы бойынша А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ бітірді.

Еңбек жолын 2006 жылы Қостанай ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің жетекші маманы болып бастады.

2007 жылдан 2018 жылға дейін "Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ инвестициялық саясат бөлімінің бас маманы, экономиканың негізгі салалары бөлімінің бас маманы, техникалық және бағдарламалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, экономиканың негізгі салалары бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарды.

2018 жылдың қыркүйек айынан бастап "Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

А. А. Костюков ТКШ, экономика, азаматтық қорғау және т. б. мәселелерге жетекшілік ететін болады.

Қостанай қаласы әкімінің баспасөз қызметі