1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні

Құрметті қостанайлықтар!

Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мемлекеттік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Еліміздегі саяси тұрақтылық пен жаңаша өзгерістер арқылы, әлемнің алпауыт елдерінің қазақ мемлекетін сенімді серіктес ретінде тануы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты.

Ұлт көшбасшысы сындарлы шақта бірлік пен елдікті, татулық пен достықты ту етіп, тәуелсіздікті баянды, егемендікті еңселі қылып, табысты саяси-экономикалық оң өзгерістерге толы «Қазақстандық даму жолын» айқындап берді.

Егемен дамуымыздың 30 жылы ішінде ғасырда жасалар істер қысқа мерзімде жүзеге асып, еліміздің әлемдік деңгейдегі мемлекеттермен иық тірестіріп, тың бастамаларға ұйытқы бола алатындығы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясаткерлігі мен стратегиялық көрегендігі арқасында мүмкін болғанын мақтан тұтамыз.

Сәні мен салтанаты жарасқан еңселі Елордамыз бой көтеріп, барша қазақстандықтардың мақтанышына айналды. Бүгінде бұл шаһарымыз әлемдік маңызы бар келіссөздер жүргізу алаңына айналып отыр.

Мерейтой жылында Қазақстан тарихының жаңа тарауын аша отырып, біз еліміздің болашаққа деген талпынысын паш ететін жасампаз істерімізбен әлемдік озық 30 елдер қатарына қарқынды жылжу үстіндеміз.

Қымбатты жерлестер! Жалпы ұлттық мереке қарсаңында дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс, шаңырақтарыңызға амандық тілеймін! Еліміздің болашағы – баянды, келешегі – кемел, татулығымыз – берік болсын!

Құрметпен, Қостанай қаласының әкімі                                        Қ. Ахметов