Балалар вакцинациясы не үшін маңызды?

Балалар вакцинациясы не үшін маңызды?

Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният хабарлады. Оның айтуынша, балаларға екпе салу – оларды індеттен қорғаудың бірден-бір жолы.
Әрбір баланың денсаулығы ата-ананың да қолында. Қазір балалар жасы кіші болғандықтан өз беттерінше шешім қабылдай алмайды. Сондықтан олар үшін ата-анасы жауапты. Балалардың денсаулығы өз қолдарыңызда. Қазір инфекцияның өте қатерлі екенін көріп отырсыздар. Сонымен қатар жыл мезгіліне байланысты басқа да респираторлық вирустық инфекциялар өршитіні белгілі. Олар көп жағдайда асқынып кетеді. Сол үшін әлем бойынша барлық клиникалық зерттеуден өткен, ең тиімді, қауіпсіз деп әкелген вакцинаны мемлекет жағдай туғызып тұрғанда пайдаланғандарыңыз дұрыс, - деді вице-министр.
Сондай-ақ ол өз отбасындағы адамдардың екпе алуына қатысты айтты.

Толығырақ: https://alashainasy.kz/saylyk/balalar-vaktsinatsiyasyi-ne-ushn-manyizdyi-177605/?utm_source=smi24