Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық форматта танымал ету

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық форматта танымал ету

Жыл сайын Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына Жолдауларында мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуды ел дамуының басым бағыттарының бірі ретінде айқындайды, тиісінше әрбір мемлекеттік органның мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласын дамытудағы рөлі елеулі болып табылады.

Осыған байланысты, Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту үдерісіне тарту, электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы халықтың хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында Қостанай қаласының әкімдігімен online режимінде мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

19.10.2021 ж.өткізілген кезекті іс-шара Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі тарапы бойынша қызметтерді қамтыды. Мұндай жұмыс форматы қызмет көрсетуші органдардың өкілдеріне өз қызметін таныстыруға, азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі, тәсілдері мен негізгі қағидаттары туралы кеңес беруге мүмкіндік береді.

Жәрмеңке сурдоаудармашының сүйемелдеуімен мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 2 қарашасында мемлекеттік қызметтердің кезекті жәрмеңкесі өтеді, оған азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің, облыстық қорғаныс істері және денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері қатысады.

Қостанай қаласы әкімі аппаратының ішкі бақылау, мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы   Тимур Сарин