Құтқарушы күнімен!

Құтқарушы күнімен!

Қостанай қ. ТЖБ жеке құрамын, бөлімшелерін, өрт сөндірушілерді, құтқарушыларды, кинологтарды және азаматтық қорғау жүйесінің барлық қызметкерлерін кәсіби мереке – Құтқарушы күнімен құттықтаймын!

Осы күнге Сіздің қызметіңіз кәсіби шеберлігіңізді арттырып, материалдық-техникалық базаңызды және азаматтардың сенімін нығайта отырып келді.

Сіз азаматтардың мүліктерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша қажырлы қызмет атқарасыз.

Бүгінде өртке қарсы қызмет бөлімшелері, жедел-құтқару жасақтары қатарында жоғары тәртіптілікпен және кәсіпқойлықпен ерекшеленетін мамандар жұмыс істейді.

Сіздердің еңбектеріңіз біздің қаламыздағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің негізі болатынына сенімдімін.

Бұл күні қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қиын және құрметті іске арнаған ардагерлерді ерекше ризашылықпен құттықтаймын.

Кәсіби мереке күні барлық жеке құрамға және олардың отбасы мүшелеріне мықты денсаулық, амандық және Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі үшін қызметте табыс тілеймін. 

Құрметпен, Қостанай қаласының әкімі                                        Қ. Ахметов