Күн тәртібінде аумақтарды көгалдандыру мәселелері

Күн тәртібінде аумақтарды көгалдандыру мәселелері

"ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ" атты Қазақстан халқына Жолдауында ҚР Президенті Қ.Тоқаев "Экология және биологиялық әркелкілікті қорғау" бөлімі аясында елді ауқымды көгалдандыру үшін 5 жыл ішінде орман қорында 2 млрд. ағаш және елді мекендерде 15 млн. ағаш отырғызуды тапсырған болатын.

Қостанай қаласында жасыл желек және саябақ аймақтарын дамыту, қоршаған ортаның экологиялық жағдайын сақтау және қолдау, қала көшелері мен гүлзарларының эстетикалық түрін жақсарту мақсатында абаттандыру шеңберінде ағымдағы жылы қала аумақтарын көгалдандыру бойынша жұмыстар жалғастырылды.

Көктемгі кезеңде 1850 дана көшет отырғызылды.

Гүлзарлар мен көгалдар отырғызумен қатар, өткен жылдардағы ағаштарды күтіп ұстау, бұрын отырғызылған көшеттердің жоғалуын азайту үшін уақтылы суару және күтім жұмыстарын жүргізуді Қостанай қаласының әкімі Қ.Ж.Ахметов жаз мезгілінде жауапты қызметтерге тапсырған болатын.

Қала әкімі ТКШ бөліміне ағымдағы жылдың қазан айының соңына дейін мердігерлік ұйымдардың күшімен 1700 дана көлемінде түрлі тұқымды ағаш отырғызуды ұйымдастыру, ағаш отырғызу орындарын, көшелерді, гүлзарлар мен саябақтарды анықтау және дайындау, ағаш отырғызу кезінде жерсінудің ең жоғары пайызын қамтамасыз ету мақсатында отырғызу материалының сапасына назар аудару тапсырды.

"Біздің барлығымыздың алдымызда ағаш отырғызумен шектелмейтін қаламыздың экологиялық жағдайын сақтау бөлігіндегі негізгі міндет тұр, ол үшін көшеттерге жағдай жасау, отырғызылған ағаштардың бұтақтарын байлау және ылғалды топырақты қамтамасыз ету үшін уақтылы суаруды жүргізу қажет",- деп атап өтті қала басшысы қала шаруашылығына ақатысты жиында.

Қостанай қаласының баспасөз қызметі