Халық санағы шеңберінде жұмысты жандандыру

Халық санағы шеңберінде жұмысты жандандыру

Ағымдағы кезеңнің ауқымды іс-шарасы 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап 30 қазанға дейін елімізде өткізілетін жалпыұлттық халық санағы болып табылады.

"Біз халық санағының дәстүрлі базалық салаларды, еңбек нарығын болжау, жоспарлау мен одан әрі дамыту, инвестициялар тарту, ұзақ мерзімді перспективада орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін маңыздылығын түсінуге тиіспіз",- деп атап өтті қала әкімі Қ.Ж.Ахметов кезекті жиналыста.

Қазіргі санақтың жаңалығы санақты онлайн режимде өту мүмкіндігі берілген цифрлық технологияларды қолдану болып отыр. 1 қазаннан бастап интервьюерлер үйлерді аралауды бастады.

Облыстық статистика департаментінің басшылығымен ағымдағы санақ науқанының проблемалық мәселелерін талқылап, қала әкімі орынбасарлары мен жауапты қызметтерге облыс орталығында халық санағын сапалы өткізу бойынша іс-шаралар жоспарын орындауды бақылауға алуға және көмек көрсетуге тапсырма берді. Интервьюерлердің үйлерді аралау бойынша жұмысты күшейту міндетін қойды.

Қостанай қаласы әкімінің баспасөз қызметі