Мерекелік іс-шара

Мерекелік іс-шара

2021 жылғы 4 қазанда Қостанай қаласының әкімі Қ.Ж. Ахметов "Мирас" МҮ мұғалімдер күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысып, мұғалімдер мен педагогикалық еңбек ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

"Қостанай әрдайым өзінің талантты ұстаздарымен танымал. Қазақстандық педагогиканың дәстүрлерін және инновациялық әзірлемелерді шебер үйлестіре отырып, біздің педагогтар өз қызметінің әртүрлі бағыттарында жоғары нәтижелерге қол жеткізеді.

Мемлекеттік наградалар педагогтардың Тәуелсіздіктің 30 жылдығына қосқан маңызды үлесі болып табылады. Қаланың 17 педагогы "Ыбырай Алтынсарин" төсбелгісінің иегерлері атанды",- деп атап өтті Қ.Ахметов өз сөзінде.

Іс-шара барысында қала педагогтарына құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етілді.

Еңбегі "Ыбырай Алтынсарин" төсбелгісімен бағаланған педагогтар қаланың ерекше мақтанышы болып табылады. Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған естелік гравертондарды 15 педагогқа - ұлы ағартушы атындағы төсбелгі иегерлеріне тапсырды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің құрдасы, мектептің 30 жылдығына орай Манаш Қозыбаев атындағы №23 жалпы білім беретін мектептің ұжымы да естелік гравертонмен марапатталды.

Сонымен қатар, бүгінде атақты әулеттің ісін жалғастырушы болып табылатын, № 19 жалпы білім беретін мектепте ағылшын тілінен сабақ беретін ұлы педагог Ыбырай Алтынсариннің шөбересі А.А. Алгужина да марапатталды.

Қостанай-қаласы әкімінің баспасөз қызметі