Қостанай қаласының әкімі Қ.Ж.Ахметов әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның кезекті отырысын өткізді.
Күн тәртібіне міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды төлеу көлемінің төмендеуіне жол бермеу, сондай-ақ өндірістік кеңестер жұмысының қорытындылары бойынша мәселелер енгізілді.
Отырысқа спикерлер шақырылды: Козбакова Сауле Бахитқызы - "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ Қостанай облыстық филиалының директоры, Юдина Наталья Павловна - "Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры"АҚ филиалының директоры, Исмағамбетов Әсет Талғатбекұлы - "Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы"Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары.
Спикерлер өз сөздерінде зейнетақы жүйесін және ел экономикасын дамытудың маңызды шарттарының бірі жұмыс істейтін халықты жүйеге барынша тарту болып табылатынын атап өтті. Зейнетақы төлемдерінің мөлшері, сайып келгенде, жиынтық зейнетақының барабар мөлшері жеке зейнетақы шотына зейнетақы жарналарының жүйелілігі мен толықтығына байланысты болады.
БЖЗҚ Қостанай филиалының қызметкерлері зейнетақы жарналары түсімдерінің болмау фактісі туралы ақпараттандыру, қолданыстағы зейнетақы заңнамасы мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру консультациясын өткізу мақсатында "ұйықтап жатқан" шоттың әрбір салымшысына "қоңырау шалуды" жүзеге асырады.
Әлеуметтік аударымдарды уақтылы және толық төлемеу әлеуметтік қатер туындаған жағдайда төлемдерге құқықты іске асыру кезінде азаматтардың құқықтарының бұзылуына әкеп соғады. Міндетті әлеуметтік төлемдерді төлемейтін адамдардың санаты қауіпті жағдайлар туындаған кезде қорғалмайтынын атап өткен жөн. Сондықтан әлеуметтік аударымдарды уақтылы және толық төлеу өңірдегі әлеуметтік тұрақтылықты сақтау үшін маңызды мәнге ие.
Еңбек заңнамасын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды сақтау мәселелері Қостанай қаласының әкімдігі, "Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы" Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі және Қостанай облысында кәсіпкерлік қызметке жәрдемдесу қауымдастығы арасындағы 2021 – 2023 жылдарға арналған Келісімнің басым мәселелерінің бірі болып табылады. Техникалық инспекторлардың бірлескен тексерулерге қатысуы, өндірістік кеңестің отырыстарында анықталған инциденттерді қарау және оларды жою бойынша барабар шешімдер қабылдау өндірістік жарақаттану тәуекелін және кәсіптік аурулар деңгейін төмендетуге әкеледі.
Отырысты қорытындылай келе, баяндамашыларды тыңдап, айтылған мәселелерді талқылап, нақты ұсыныстар бердім:
- зейнетақы жүйесіне және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды әлеуметтік сақтандыру жүйесіне тарту, сондай-ақ өндірістік кеңестер құру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыру қажет;
- берешекке жол берген кәсіпорындарда әлеуметтік аударымдарды мәжбүрлеп өндіріп алу бойынша барлық шараларды қабылдау;
-6 айдан астам берешегі бар кәсіпорындарды ерекше бақылауға алу;
- "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" ҚР Заңына сәйкес әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді мерзімінде орындауды қамтамасыз ету.
Қостанай қаласы әкімінің баспасөз қызметі