Құрметті ұстаздар, ағарту саласының қызметкерлері және педагогикалық еңбек ардагерлері!
Сіздерді Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Осы айтулы мереке күні біз барлық мұғалімдер мен оқытушыларға, тәлімгерлер мен тәрбиешілерге баға жетпес еңбек, шыдамдылық пен мейірімділік, жоғары кәсібилік үшін алғысымызды білдіреміз.
Білім берудің басымдығы әлеуметтік-экономикалық прогрестің объективті заңы, бүкіл қоғамның, біздің егемен еліміздің дамуының маңызды бағыты.
Жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, азаматтық ұстанымды қалыптастыруға зор үміт пен жауапкершілікті біз мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығына жүктейміз.
Сіздердің жанқиярлық еңбектеріңіз, адал жүрек және жан жомарттығы туған қаламыздың болашағы мен қуатты Қазақстанның келешегін қалыптастыруға сәт сайын қосып отырған үлес деп қабылдаймыз.
Педагогикалық еңбек ардагерлерінің терең білімі, кәсіби тәжірибесі, азаматтық ұстанымы, өскелең ұрпақтың тағдырына деген жауапкершілігі бүгінгі білім беру жүйесінің табысты дамуының кепілі.
Құрметті қостанайлықтар! Кәсіби мереке күні шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, жасампаз істеріңізге шығармашылық табыс тілеймін.
Қостанай қаласының әкімі Қ. Ахметов