Облыстық диктант жазылды

Облыстық диктант жазылды

Бүгін 2021 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІХ сессиясында берген тапсырмасына орай интеркультурализм қағидаттарын ілгерілету мақсатында «Менің Қазақстаным» тақырыбында облыстық диктант ұйымдастырылды.

Облыстық диктантқа Қостанай қаласының өзге  этнос өкілдері қатысты. Іс-шараның басты мақсаты-мемлекеттік тілді этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде қолдану аясын кеңейту, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту. Диктант офлайн режимінде өтті.