Аз қамтылған көп балалы отбасылар үшін тұрғын үйдің екіншілік нарығында тұрғын үйлерді сатып алу

Аз қамтылған көп балалы отбасылар үшін тұрғын үйдің екіншілік нарығында тұрғын үйлерді сатып алу

«Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі»ММ «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының аясында аз қамтылған көп балалы отбасылар үшін тұрғын үйдің екіншілік нарығында тұрғын үйлердің сатып алатынын хабардар етеді.

02.08.2021 жылы мемлекеттік сатып алудың WEB-порталында  (goszakup.gov.kz)  «техникалық спецификацияға сәйкес 3-бөлмелі пәтерлерді сатып алу» туралы хабарландыру жарияланды. (жарнаманы іздеуді БСН - 060140015369 бойынша жүргізеді) (сатып алу нөмірі - 6129527-1)

Тұрғын үйді сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін, мемлекеттік сатып алудың WEB-порталында  (goszakup.gov.kz) тіркелу үшін ЭЦҚ (электрондық-цифрлық қолтаңбаны ХҚКО-да алуға болады) алу қажет. Өтінімді беру үшін талап етілетін сатып алуды табу қажет. (БСН - 060140015369).

Тұрғын үйді сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 04 желтоқсандағы №434-V Қазақстан Республикасы Заңынын  51 – бап 6-тармағына және «Мемлекеттік сатып алуды іске асыру қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы қаржы министрінің №648 бұйрығының 427 тармағына сәйкес іске асырылады. 

Мемлекеттік сатып алуларға қатысу үшін талап етілетін құжаттар:

Құжаттар: 

-   Жеке тұлға жеке куәлігінің электрондық көшірмесі»;

 - Тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттардың, соның ішінде техникалық төлқұжаттың электрондық көшірмесі»;

- Мемлекеттік сатып алуды іске асыру туралы хабарландыру жарияланған күннен бұрын берілмеген тұрғын үйге ауыртпалығының жоқтығы туралы құжаттың электрондық көшірмесі;

- Бағалау ісі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткізілген жылжымайтын мүлік объектісін (тұрғын үй) бағалау туралы септің көшірмесі;

-  Техникалық  спецификация;

- Жұбайының нотариалды куәландырылған келісімінің электрондық көшірмесі немесе электрондық нұсқада нотариалды куәландырылған некеде тұрмағандығы туралы немесе электрондық нұсқада нотариалды куәландырылған ажырасу туралы немесе электрондық нұсқадағы жесірлікті растайтын анықтама

Келеңсіз жағдайларды болдырмау мақсатында, Сатып алынатын пәтердің жағдайы бойынша талаптардан тұратын техникалық спецификацияның мәтінімен мұқият танысуыңызды сұраймыз.

Белгіленген байқау құжаттамасының талаптарына сәйкес болмаған жағдайда әлеуетті жеткізушінің өтінімдері қабылданбайды.  

Өтінімдерді кезең-кезеңмен беру үшін: жеткізуші нұсқаулығы (http:// portal.goszakup.gov.kz/portal/uploads/v3/doc_sup_rus.pdf)

WEB-порталда тіркеу  мәселесіне қатысты  ақпарат бойынша нөміріне хабарласуға болады  1437, 8-800-080-34-37 (ҚР бойынша тегін)